Astralis командасы FISSURE PLAYGROUND 1 — CS турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Astralis командасы FISSURE PLAYGROUND 1 — CS турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Astralis командасы CS2-ден FISSURE PLAYGROUND 1 — CS турнирінің плей-офф кезеңіндегі ширек финалда Lynn Vision Gaming ұжымынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропалық ұжым қарсыласын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді — Nuke картасында 13:2, ал Dust2-де 16:13.

Қытайлық команда турнирдегі жолын аяқтап, 5–8 орынға ие болды және 40 мың доллар қаржылай сыйақыға қол жеткізді. Ал Astralis жартылай финалда BetBoom Team мен GamerLegion арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Бұл матч 19 шілде күні сағат 21:00-де өтеді.

FISSURE PLAYGROUND 1 — CS турнирі 2025 жылғы 15–20 шілде аралығында Белград қаласында өтуде. Жарысқа 16 команда қатысып жатыр, жалпы жүлде қоры — 1 миллион доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или