Үш команда жастар арасындағы Қазақстан кубогына қатыса алмайтын болды

Үш команда жастар арасындағы Қазақстан кубогына қатыса алмайтын болды

«Ташкент-Селект», «Арлан» және «Мунайшы» командалары 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана, Орал және Өскемен қалаларында өтетін Қазақстан кубогына қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйек айында үш қалада он бір команданың қатысуымен Қазақстан кубогы өтеді. Бюджетті үнемдеуге байланысты «Ташкент-Селект», «Арлан» және «Мунайшы» бұл турнирден тыс қалды.

Осылайша, Қазақстан кубогы үшін «Астана», «Барыс», «Кармет», «Горняк», «Ақтөбе», «Жас Батыр», «Ястребы», «Торпедо», «Алматы», «Құлагер» және «Туран Тайгерс» командалары күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или