Волейболдан Орталық Азия чемпионаты: «Жайық» жергілікті команданы жеңді

Батысқазақстандық «Жайық» клубы Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында волейболдан өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оралдықтар бұл жолы «HDC» (Мальдив) командасымен алаңға шықты.
Бірінші партияда Виктор Козиктің шәкірттері 25:17 есебімен басым түсті. Содан кейін де осы қарқынынан танған жоқ – 25:22, 25:15. Қорытынды есеп – 3:0, «Жайықтың» пайдасында.
Қазақстан чемпионы 19 шілде күні тағы бір жергілікті «Dhivehi Sifainge» клубымен шеберлік байқасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или