«Ақтөбе»

29 жастағы сербиялық шабуылшы Джордже Ивкович «Ақтөбеден» кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клуб пен ойыншы екіжақты келісім негізінде келісімшартты бұзды. Бұл шешім команда Еуропа лигасынан шығып қалғаннан кейін қабылданды.
Ағымдағы маусымда Ивкович «Ақтөбе» сапында 10 матч өткізіп, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Сербияның «Колубара» клубының түлегі бұған дейін «Единство», «Турбина», «Спартак Лиг», «Железничар», «ИМТ», «Раднички» сияқты серб клубтарында, сондай-ақ албандық «Лачи», македониялық «Брера», словениялық «Анкаран» және қазақстандық «Ақжайық» командаларында ойнаған.
Еске салайық, екі ойын қорытындысы бойынша «Ақтөбе» Польшаның «Легия» клубына жол беріп, Еуропа лигасымен қош айтысты. Енді команда өз жолын Конференция лигасында жалғастырады.