«Ертіс» хоккей клубының Қазақстан кубогына неге қатыспайтыны белгілі болды

«Ертіс» хоккей клубының Қазақстан кубогына неге қатыспайтыны белгілі болды

Қазақстанның үш дүркін чемпионы болған павлодарлық «Ертіс» жазғы Қазақстан кубогына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Бұл туралы «Головой об лед» Telegram-арнасы мәлімдеді.

Клубтың айтуынша, қазіргі таңда «Ертіс» – лигадағы ең төмен бюджетті командалардың бірі. Осы маусымда павлодарлықтар сапында мұз айдынына 20 өз тәрбиеленушісі шығады. Бұл – Қазақстан чемпионаты үшін ерекше жағдай.

«Бұл балаларды командада қалдыру өте қиын болды. Легионерлер туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін жергілікті хоккейшілерге деген сұраныс артты. Оларды өздеріне тартуға тырысып жатқан басқа клубтар мен жастар командалары өте көп. Сол себепті, ойыншылардың жалақысын арттыру үшін жазғы Кубоктан бас тарту туралы шешім қабылданды. Бұл – екі команда (соның ішінде «Мұнайшы») бойынша шамамен 10 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді», – деді клуб өкілдері.

Қазір спортшыларға өзге клубтар бізден 200-500 мың теңгеге көп жалақы ұсынуда. Мұндай жағдайда ойыншыларды ұстау оңай емес. Сондықтан негізгі мақсат – құрамды сақтау болып отыр.

Сонымен қатар, клуб Кубокқа қатысу үшін демеуші іздеп жатыр. Инвесторларға арнайы хаттар жіберілді. Егер қолдау табылса – «Ертіс» турнирге қатысу мүмкіндігін қарастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или