«Барыс» хоккей клубының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өзгерістер болады

«Барыс» хоккей клубының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өзгерістер болады

«Барыс» хоккей клубының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметіне қайта оралған Талғат Қитаров алдағы маусымға жоспарларды және негізгі жаңалықтарды бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Оның айтуынша, 2007 жылы туған түлектердің басым бөлігі клуб жүйесінде қалады: бір бөлігі «Снежные Барсы» сапында оқу-жаттығу жиындарынан өтіп жатса, енді біреулері «Номад» құрамында бақ сынауда.

Жаңа маусымдағы балаларды қабылдау 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өтеді. 2020 жылы туған балалар шақырылады, сондай-ақ 2019 жылғы балаларды да қабылдау жоспарлануда. Қалған жас санаттары толық жасақталған. Қаңтар айында қосымша іріктеу өткізу жоспарлануда. Құжаттар мен мәліметтер клубтың сайтында жарияланады.

Маңызды өзгерістердің бірі – Омбының «Авангард» жүйесінде және Беларусь хоккей федерациясында жұмыс істеген тәжірибелі әдіскердің келуі. Ол барлық жас топтарына арналған дайындық бағдарламаларын енгізеді. Сонымен қатар, алдағы уақытта шетелдік маман да шақырылмақ.

2009–2014 жылғы командалар Қазақстан чемпионатының «Күштілер» тобында және Ресейдің Приволжье, Сібір және Орал аймақтарының турнирлеріне қатысады. Кіші топтар Федерация кубогы мен Cross Ice форматындағы республикалық жарыстарға қатысады.

Өткен маусымда бес жылдық чемпиондық сериясы үзілген «Барыстың» жастар командасын биыл тәжірибелі жаттықтырушылар Андрей Шаянов пен Ильдус Габдрахманов дайындайды. Негізгі құрам 2008 жылғы ойыншылардан құралмақ, алайда кіші жастағылар да тартылмақ.

Айта кетейік, Талғат Қитаров өткен аптада ДЮСШ директоры болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Руслан Мәмбеталиев атқарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или