«Астана» мен «Тұран» арасындағы ойынның төрешісі белгілі болды

Бүгін, 18 шілде күні «Астана-Арена» стадионында елордалық «Астана» мен түркістандық «Тұран» командалары арасындағы Қазақстан Премьер-Лигасы-2025 маусымының 17-тур ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчқа бас төреші болып қызылордалық Данияр Сахи тағайындалды.
Төрешілер құрамы:
- Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда)
- Қосалқы төрешілер: Сергей Калачев (Атырау), Азамат Ахметов (Қызылорда)
- VAR: Саят Суликанов (Ақтөбе)
- AVAR: Самат Тергеусизов (Алматы)
- Резерв төреші: Иван Навроцкий (Астана)
- Инспектор: Виктор Антонов (Павлодар).
Кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Осы тур алдындағы жағдай бойынша «Астана» 17 ойыннан кейін 37 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Тұран» бір матчқа кем ойнап, 11 ұпаймен 13-орында орналасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или