УЕФА рейтингінде Қазақстанның орыны өзгеріссіз қалды

УЕФА рейтингінде Қазақстанның орыны өзгеріссіз қалды

Еуропа кубоктарының алғашқы іріктеу кезеңінің қарымта матчтарынан кейін Қазақстан УЕФА рейтингінде 10 625 ұпаймен 39-орында тұр, деп хабарлайды Prosports.kz

Чемпиондар лигасында «Қайрат» өз алаңында Словенияның «Олимпиясын» 2:0 (1:1) есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Алайда қалған өкілдеріміз көрсеткішті жақсарта алмады. 

Еуропа лигасындағы «Ақтөбе» «Легияға» (0:1, 0:1) жол берсе, «Ордабасы» Конференция лигасында Грузияның «Торпедосынан» ұтылып (1:1, 3:4), турнирден шығып қалды.

УЕФА рейтингіндегі ұпайлар елдің осы маусымдағы орташа нәтижелері мен соңғы төрт маусымдағы көрсеткіштеріне негізделіп есептеледі. Егер ұпай тең болса, өткен жылғы нәтиже жоғарырақ елге артықшылық береді.

Қазір Қазақстан Косоводан (10.958) және Финляндиядан (11.125) төмен, бірақ Фарер аралдары (8.750), Мальта (8.000) және Лихтенштейннен (7.500) жоғары орналасқан. Рейтингтің алғашқы үштігінде – Англия, Италия және Испания.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или