Virtus.pro, OG және басқа да командалар FISSURE Universe: Episode 6 турнирінің Play-In кезеңінде бақ сынайды

Virtus.pro, OG және басқа да командалар FISSURE Universe: Episode 6 турнирінің Play-In кезеңінде бақ сынайды

Dota 2-ден FISSURE турнир операторы FISSURE Universe: Episode 6 чемпионатының Play-In кезеңіне қатысатын командалардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған кезеңге он команда инвайт алды: AVULUS, L1ga Team, Runa Team, 1win Team, Virtus.pro, Wildcard Gaming, OG, One Move, Yellow Submarine және MOUZ. Бұл ұжымдар турнирдің негізгі кезеңіне берілетін екі жолдама үшін таласады. Play-In матчтары 23–27 шілде аралығында онлайн форматта өтеді.

FISSURE Universe: Episode 6 турнирінің негізгі кезеңі 19–24 тамыз аралығында өтеді. Он команда жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын байрақты бәсекеде бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или