«Астана» шабандозы «Тур де Франстың» он екінші кезеңінде 14-орын алды

«Астана» шабандозы «Тур де Франстың» он екінші кезеңінде 14-орын алды

Бүгін «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының он екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңнің жеңімпазы UAE Team Emirates-XRG командасының мүшесі, словениялық Тадей Погачар атанды. Екінші орынды Visma | Lease a Bike командасынан даниялық Йонас Вингегор алса, үздік үштікті Red Bull-BORA-hansgrohe сапынан германиялық Флориан Липовиц түйіндеді.

«Астана» сапында үздік нәтижені Серхио Игита көрсетті. Ол мәре сызығын 14-болып кесті.

«Тур де Франс». Он екінші кезең. Ош — Отакам. 180,6 шақырым.

1. Тадей Погачар (Словения, UAE Team Emirates-XRG) — 4:21:19
2. Йонас Вингегор (Дания, Visma | Lease a Bike) — +2:10
3. Флориан Липовиц (Германия, Red Bull-BORA-hansgrohe) — +2:23

14. Серхио Игита (Колумбия, «Астана») — +9:38.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или