«Ақтөбе» Еуропа лигасындағы өнерін аяқтады

«Ақтөбе» УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында польшалық «Легияға» қарсы қарымта кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақтөбедегі «Орталық» стадионда өткен матч 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 90+1 Юрген Элитим соқты. Осылайша польшалық команда екі матч қорытындыс бойынша 2:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ал «Ақтөбе» енді Конференция лигасында чехиялық «Спарта» клубымен кездеседі.
Еске салайық, «ақ-қызылдар» еуросапарын Варшавада жергілікті «Легияға» қарсы матчпен бастады. Матч тағдырын бір гол шешті - 25-минутта Ваган Бичахчян алыстан дәл соққы жасады. Оның алдында «Ақтөбе» гол соққан еді, алайда Оралхан Өміртаев офсайдта қалуына байланысты ол есепке алынбады.
«Ақтөбе» (Қазақстан) - «Легия» (Польша) 0:1 (0:0)
Гол: Элитим 90+1