«Ордабасы» еурокубоктан ұшып кетті

Шымкенттік «Ордабасы» Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңі аясында грузиялық «Торпедоға» қарсы қарымта кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 13-минутында Иракли Бидзинашвили есеп ашты. Ал 90+6 минутта «Ордабасы» футболшысы Абылайхан Жұмабек есепті теңестірді. Алайда екі матч қорытындысы бойынша 4:5 есебімен грузиялық команда келесі кезеңге жолдама алды.
Осылайша шымкенттік команда еурокубоктағы өнерін аяқтады.
Еске салайық, Кутаисидегі алғашқы ойында алаң иелері жеңісті жұлып әкеткен еді. Бірінші матч 4:3 есебімен аяқталған.
«Ордабасы» (Шымкент) - «Торпедо» (Кутаиси, Грузия) 1:1 (0:0)
Гол: Бидзинашвили 13, Жұмабек 90+6
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или