«Жайық» Орталық Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Волейболдан Қазақстан чемпионы «Жайық» клубы Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында алғашқы жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық маман Виктор Козиктің шәкірттері бастапқы кездесуін «Ports Authority» (Шри-Ланка) командасымен өткізді.
Тартысты өткен бірінші партияда Шри-Ланка волейболшылары 25:22 есебімен басым түсті. Дегенмен бұдан кейін «Жайық» жігіттері жинақтала білді – 25:14, 25:16, 25:15. Қорытынды есеп – 3:1, «Жайықтың» пайдасында.
Оралдық команда ертең «HDC» (Мальдив) клубымен шеберлік байқасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или