«Ұлытау» ойыншысы алдағы «Оқжетпеске» қарсы ойынға қатыспайды

«Ұлытау» командасының 38 жастағы шабуылшысы Жасұлан Молдақараев алдағы премьер-лиганың 17-туры аясында «Оқжетпеске» қарсы ойында алаңға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz
16-турдағы «Елімайға» қарсы ойында (1:1) Жасұлан Молдақараев биылғы маусымда төртінші рет ескерту алды. Ол алдағы «Оқжетпеске» қарсы ойынға қатыспайды.
Биылғы чемпионатта Жасұлан Молдақараев барлығы 13 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді, төрт ескерту және екі рет ойыннан шеттетілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или