Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.
Отандасымыз жарыс барысында жартылай финалға дейін жетті. Ал жартылай финалда Ботагөз Қапанова Қытай спортшысына есе жіберді.
Осылайша, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады және әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын беделді дода болып саналады.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или