Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі екі қалада өтеді

Футзалдан Қазақстан Кубогының топтық кезеңі Орал және Талдықорған қалаларында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футзалдан 2025 жылғы Қазақстан Кубогының топтық кезеңі 25-30 тамыз аралығында Орал және Талдықорған қалаларында өтеді. Бұл кезеңге еліміздің Премьер-лигасы мен Бірінші лигасында өнер көрсететін командалар қатысады.
Жеребе тарту рәсімі шілде айының соңына жоспарланған. Топтар мен ойын кестесі жеребе қорытындысынан кейін жарияланады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или