Қысқы Олимпиада ойындарының медальдары таныстырылды

Қысқы Олимпиада ойындарының медальдары таныстырылды

Милан-Кортина-2026 ұйымдастыру комитеті алдағы Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медальдарын таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, бұл шара Венето аймағының астанасы Венеция қаласында өтті.

Жаңа олимпиадалық медальдар екі жарты бөліктен тұрады. Олар спортшының мансап жолын және осы жолда оның жанында болған барлық адамдарды бейнелейді.

Дизайн эмоция мен командалық рухты айшықтап, Милан мен Кортина қалаларының бірлігін ғана емес, жеңіс пен оған жету жолындағы күш-жігердің мәнін де бейнелейді. Медальдар екі бөліктен құралған, оларды Олимпиада және Паралимпиада құндылықтары біріктіреді. Бұл спорттық жолдың қорытындысы және сол жолда жанынан табылғандардың еңбегіне деген құрмет.

Милан-Кортина-2026 Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді. Жалпы саны 245 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или