Әлем чемпионы Бахрам Муртазалиевтің келесі қарсыласы белгілі болды

Әлем чемпионы Бахрам Муртазалиевтің келесі қарсыласы белгілі болды

IBF тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Бахрам Муртазалиев (23-0, 17 КО) келесі жекпе-жегін америкалық Эриксон Лубинге (27-2, 19 КО) қарсы өткізіп, титулын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Vringe.com сайтына сілтеме жасап.

Муртазалиевтің промоутері Кэти Дува жекпе-жекті Джош Келлимен ерікті қорғау ретінде ұйымдастырмақ болған, алайда IBF бұл ұсынысты қабылдамай, міндетті үміткер бар екенін еске салды.

Лубин Ардрил Холмсты жеңіп, титул үшін жұдырықтасу құқығына ие болды. Бұған дейін ол екі рет чемпиондық деңгейде жекпе-жек өткізген: 2017 жылы Джермелл Чарлодан алғашқы раундта нокаутпен жеңіліп, 2022 жылы Себастьян Фундораға нокдаундарға толы тартысты айқаста есе жіберген. Екі кездесуде де WBC белбеуі сарапқа салынған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или