Әмір Омарханов Астанада өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады

Елдегі басты теннис турнирлерінің бірі — Ересектер арасындағы жазғы Қазақстан чемпионаты 21 шілдеде Астанада басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Алты күн бойы көрермендерді тартысты матчтар, жанкешті күрес пен буындар текетіресі күтеді: Қазақстан чемпионы атағы үшін тәжірибелі спортшылармен қатар болашағынан зор үміт күттіретін жас теннисшілер де бақ сынайды.
Көпшіліктің назарында — әлемдік ATP рейтингінде 911-орында тұрған Әмір Омарханов. Жас теннисші бұған дейін де халықаралық ареналарда өзін бірнеше рет танытып үлгерді және бұл жолы тәжірибелі қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетуге дайын.
Ерлер арасындағы сеткада Омархановпен қатар кәсіби деңгейде мол тәжірибесі бар Григорий Ломакин (ATP № 862) де тіркелген.