«Ертіс» тәжірибелі жартылай қорғаушымен толықты

«Ертіс» тәжірибелі жартылай қорғаушымен толықты

Павлодардың «Ертісі» 30 жастағы Еркебұлан Тұңғышбаевпен келісімшарт жасасты. Ол жергілікті жанкүйерлерге жақсы таныс, 2022 жылы өңірлік «Ақсу» сапында ойнаған.

Сол маусымда Тұңғышбаев 28 ойын өткізіп, 8 голдың авторы атанған болатын.

Еркебұлан шымкенттік «Ордабасы» клубының түлегі. Ол Премьер-лигада дәл осы команда сапында 248 рет алаңға шығып, 35 гол соққан. 2017 жылы қола, ал 2023 жылы чемпиондық медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ 2019–2020 жылдары алматылық «Қайратта» ойнап, алғаш рет ел чемпионы атанды. Жалпы Премьер-лигада 261 матч өткізіп, 39 гол соққан. Қазақстан құрамасында 12 ойын өткізіп, бір голмен көзге түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или