Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеске тағы да сес көрсетті

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы доминикандық боксшы Карлос Адамеске кезекті рет сын айтты.
Олардың арасында бұрыннан бері әлеуметтік желіде тартыс жалғасып келеді. Екі боксшы да бір-бірін жекпе-жектен қашып жүр деп айыптайды. Дегенмен, әлі күнге дейін бұл кездесу ресми түрде ұйымдастырылған жоқ.
– Қорқақты көргендер болса, айтыңдар, келісімшартқа қол қойсын! – деп жазды Жәнібек өзінің парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек соңғы рет 5 сәуірде Астанада жұдырықтасып, француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал Адамес 22 ақпанда британдық Хамза Ширазбен кездесіп, тең нәтижеге қол жеткізді. Қазір ол орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или