«Челси» бірнеше ойыншысымен қоштасуға дайын

«Челси» бірнеше ойыншысымен қоштасуға дайын


Лондондық «Челси» жазғы трансфер кезінде құрамды түбегейлі жаңартпақ. Қазірдің өзінде бірнеше ойыншы сатылымға шығарылып, негізгі команда АҚШ-та Клубтар арасындағы чемпионатқа қатысып жатқанда, олар жаттығуды клуб базасында жалғастырып жатыр.

The Athletic мәліметінше, клуб сатуға дайын ойыншылар қатарында Жоау Феликс, Бен Чилуэлл, Аксель Дисаси, Лесли Угочукву, Ренату Вейга, Армандо Броя мен Алфи Гилкрист бар. «Челси» бұл ойыншылардан жалға беру арқылы емес, толықтай құтылғысы келеді.

Сонымен қатар, клуб шабуылшылар Рахим Стерлинг пен Кристофер Нкункуға да сенім артпай отыр. Айта кетейік, Нкункуға мюнхендік «Бавария» қызығушылық танытуда.

Дортмундтық «Боруссия» Карни Чуквуэмекеге назар аударып отыр. Олар оны тағы да жалға алғысы келеді, бірақ «Челси» ойыншыны толықтай сатуға мүдделі. Николас Джексонның да болашағы бұлыңғыр. Өткен маусымда негізгі құрамда болғанына қарамастан, оған тиімді ұсыныс түссе, клуб сатуға қарсы емес.

Одан бөлек, «Челси» қорғаушы Ише Сэмюэлс-Смитті «Страсбургке» сатып, 8 миллион фунт табыс тапқысы келеді. Ал жас таланттар Кендри Паэс, Аарон Ансельмино мен Майк Пендерс 2025/26 маусымына сол «Страсбургке» жалға берілуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или