Футзалдан Қазақстан Суперкубогы Оралда өтеді

Футзалдан Қазақстан Суперкубогы Оралда өтеді

Футзалдан Қазақстандағы жаңа маусым Орал қаласында өтетін Суперкубок матчымен ресми түрде басталады.

23 тамызға жоспарланған шешуші ойында ел чемпионатының жеңімпазы – алматылық «Қайрат» пен Қазақстан Кубогының иегері – «Семей» командалары жаңа спорт кешенінің аренасында өзара мықтыны анықтайды.

Бұл кездесудің ерекшелігі – футзал тарихында алғаш рет Суперкубок ойыны Батыс Қазақстан облысында, су жаңа әрі заманауи спорт кешенінде өткізілмек. Бұл аймақтағы футзалдың дамуына жаңа серпін беріп, жергілікті жанкүйерлер үшін айтулы оқиғаға айналатыны сөзсіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или