«Лацио» жанкүйерлері клуб басшылығына қарсы шықты

Римнің «Лацио» клубының жанкүйерлері президент Клаудио Лотитоға қарсы ауқымды наразылық акциясын өткізді.
Corriere della Sera басылымының мәліметінше, шараға шамамен 8 мың адам қатысқан. Олардың кейбірі қолдарына түрлі жазуы бар плакаттар ұстап шықты. Соның бірі: «Оны саясат әкелді, саясат алып кетуі керек» деген сөзбен көзге түсті.
Бұған қоса, фанаттар қала басшыларымен кездесіп, 1989/90 жылғы маусымда «Ромамен» бірге пайдаланған «Фламинио» стадионын қайта жаңғырту мәселесін талқылады.
Айта кетейік, «Лацио» 2024/25 жылғы маусымда 65 ұпай жинап, Серия А турнир кестесінде жетінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или