Футзалдан Чемпиондар лигасының финалы Қазақстанда өтуі мүмкін

Қазақстан футзалдан 2025/2026 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының “Төрттік финалын” қабылдауға ресми өтінім берді.
Қазақстан футзал қауымдастығы 2025/2026 маусымындағы УЕФА футзал Чемпиондар Лигасының шешуші кезеңі – «Төрттік финалын» өткізуге ресми түрде өтінім тапсырды.
Финалдық кезеңді өткізу алаңы ретінде Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы ұсынылды. Жоспар бойынша, финалдық ойындар 2026 жылдың 7- 10 мамыры аралығында өтеді.
Бұл бастама еліміздегі футзалдың дамуына үлкен серпін беріп, Қазақстанды халықаралық аренада тағы бір мәрте танытуға бағытталған. Егер елімізге мүмкіндік берілсе, финалдық кезең жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әлемнің үздік клубтарын қабылдайтын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или