Рафаэль Уразбахтин: Жеңіске көбірек біз ұмтылдық

Рафаэль Уразбахтин: Жеңіске көбірек біз ұмтылдық


«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Словенияның «Олимпия» командасына қарсы жауапты ойындағы (2:0) жеңісті қорытындылады.

– Алғашқы кездесуден сабақ алдық. Кемшіліктерімізді талдап, сол бағытта жұмыс істедік. Ойын алдында жігіттермен сөйлесіп, кімнің жеңіске көбірек ынтасы бар – сол ұтады деген ойға келдік. Бүгін біз жеңісті көбірек қаладық, – деді Уразбахтин.

Айта кетейік, алматылық команда екінші матчта Жоржинью мен Александр Мрынскийдің голдарының арқасында жеңіске жетті. Ал алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Қос кездесудің қорытындысы бойынша «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или