Швейцариядағы турнирі: Бублик пен Шевченко екінші айналымда кездеседі

Швейцариядағы турнирі: Бублик пен Шевченко екінші айналымда кездеседі

Гштаад (Швейцария) қаласында өтіп жатқан ATP турнирінде қазақстандық дерби өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші және екінші ракеткасы - Александр Бублик (34-орын) пен Александр Шевченко (101-орын) кездеседі. Бублик үшін бұл турнирдегі алғашқы кездесу болса, Шевченко бірінші айналымда атақты швейцариялық теннисші Стэн Вавринканы (156-орын) 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Гштадтағы турнирдің жүлде қоры 596 035 еуроны құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 90 675 еуро алады, сонымен қатар 250 рейтингтік ұпайға ие болады. Басты фаворит норвегиялық Каспер Рууд (13-орын).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или