«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Олимпияны» жарыс жолынан шығарды

Алматыда Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі өтті. «Қайрат» өз алаңында словениялық «Олимпияны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. Жоржиньо 5-минутта гол соқса, 31-ші минутта Александр Мрынский қорытынды есепті тіркеді.
Еске салайық, командалар арасындағы алғашқы ойын Люблянада (Словения) өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің екінші кезеңінде алматылықтар финляндиялық КуПС немесе молдовалық Милсамимен ойнайды (КуПС бірінші ойында 1:0 есебімен жеңіске жетті).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или