Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Астанада Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жиыны өтті.
Іс-шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҚҚБФ вице-президенті Юрий Соловьёв, атқарушы директор Замир Ихсанғалиев, бас хатшы Леонид Зимарев, сондай-ақ өңірлік филиалдардың басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде өзекті мәселелер қаралды, олардың ішінде маңыздысы - федерация президентін сайлау. Облыстық федерациялардың басшылары мен спорт қауымдастығының өкілдері Арман Жаркеевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Айта кетейік, қазіргі бессайыс - семсерлесу, жүзу, нысана көздеу, жүгіру және Obstacle (кедергілер жолағынан өту) спорт түрлерін қамтитын Олимпиадалық бағдарламаға кіретін спорт түрі болып саналады.