Серікжан Мұжықов «Елімай» сапынан кетті

«Елімай» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықовпен келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
"Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы, жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов екіжақты келісім бойынша "Елімайдағы" мансабын аяқтады. Семейлік клуб сапында ол 12 ресми матчқа қатысқан", - деп хабарлады семейлік клуб Instagram парақшасында.
Мұжықов «Жетісудан» Елімай командасына осы жылдың ақпан айында ауысты. Өз мансабында «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» сынды клубтарда өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасы сапында 27 кездесуде алаңға шығып, екі нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или