Бұрынғы туризм және спорт министрі шартты түрде босатылмайтын болды

Бұрынғы туризм және спорт министрі, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға (ШТМБ) берген өтініші қабылданбады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Kazinform агенттігінің хабарлауынша, сот отырысы Алматы облысындағы Алатау ауданында өтті. Облыстық соттың баспасөз қызметі Ермегияевтің өтініші қаралғанын және қанағаттандырылмағанын мәлімдеді.
Еске салайық, 2016 жылы Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген болатын. Ол «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясынан 10,2 миллиард теңге жымқырған қылмыстық топты ұйымдастырды деп танылған.
2012 жылы Талғат Ермегияев Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы қызметін де атқарған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или