58 жастағы жапон футболшысы мансабын аяқтауға қатысты пікір білдірді

58 жастағы жапон футболшысы мансабын аяқтауға қатысты пікір білдірді

58 жастағы жапон шабуылшысы Кадзуёси Миура әзір мансабын аяқтамайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы әлемдегі ең егде жастағы ойыншының өзі айтты:

«Екі жылдан соң 60-қа толамын. Қашан футбол ойнай алмайтынымды сезінемін – сол кезде кетемін. Бірақ шын айтсам, 80 жасқа дейін алаңға шығуды армандаймын».

Қазіргі таңда Миура Жапонияның төртінші дивизионындағы «Атлетико Сузука» клубында ойнайды. Ол кәсіби мансабын 1986 жылы бастаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или