Тағы бір қазақстандық футзалшысы «Семей» клубына ауысты

Тағы бір қазақстандық футзалшысы «Семей» клубына ауысты

Қазақстан футзал құрамасының 38 жастағы тәжірибелі ойыншысы Леонардо Мендонка да Роса жақын арада «Семей» клубының ойыншысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лео Қазақстанда футзалдағы мансабын 2009 жылы бастаған. Ол 2009–2018 жылдар аралығында алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, клубтың басты жұлдыздарының біріне айналды. Осы кезеңде ол командамен бірге екі мәрте УЕФА Кубогын жеңіп, көптеген ұлттық титулдарға қол жеткізді.

2016 жылы Лео португалиялық «Спортинг» клубына жалға беріліп, 2018 жылы толық келісімшартқа қол қойды. Еуропада ол Лига Чемпиондары мен Португалия чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Кейінірек Лео Оңтүстік Америкаға оралып, Бразилияның «Жоинвиль» клубында, содан соң Латвияның РФШ командасында ойнады. 2024/25 маусымында РФШ құрамында Латвия Кубогын жеңіп алды.

Бұған дейін семейлік клубқа қазақстандық тағы бір футзалшы Тайнанның да клубқа қосылатыны белгілі болған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или