Петропавл қаласында мұз айдыны мен спорт кешені бой көтереді

Петропавл қаласында мұз айдыны мен спорт кешені бой көтереді

Петропавл қаласында бірден екі ауқымды спорт нысанының құрылысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кизатов көшесінде 400 метрлік коньки жолы, хоккей корттары мен керлинг алаңдары бар көпфункционалды мұз аренасы салынуда. Оның жанында олимпиадалық 50 метрлік бассейні, жекпе-жек, көркем гимнастика, волейбол, баскетбол және фитнес залдары бар әмбебап спорт кешені бой көтереді. 

Бұл жобалар туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапары барысында айтты. Құрылысы жоспарланған нысандар халықаралық талаптарға толықтай сай болады және ең жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдай алады.

Бұған дейін Петропавлда халықаралық стандарттарға сай үстел теннисі орталығы ашылған болатын. Ал жаңартылған «Қарасай» стадионы УЕФА талаптарына сәйкес келтірілген.

Жаңа инфрақұрылым Петропавлды елдегі спорт орталықтарының біріне айналдырып, кәсіби спортшыларды дайындауға және ірі жарыстар өткізуге толық жағдай жасайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или