Өскемендік «Торпедо» жаңа маусымға дайындық жұмыстарын бастады

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері – Өскемендік «Торпедо» хоккей клубы жаңа маусымға ресми түрде дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазіргі уақытта команда ойыншылары медициналық тексеруден өтуде. Бұдан кейін жергілікті «Алтай» стадионында алғашқы жаттығу өтеді.
18 шілдеде команда Щучинск қаласына оқу-жаттығу жиынына аттанады. Ал 9–13 тамыз аралығында «Торпедо» Барнаул қаласында өтетін «Алтай өлкесі губернаторының Кубогына» қатысады.
Қазақстан Кубогы 22 тамызда басталады. Еске салсақ, өткен маусымда «Торпедо» плей-офф финалында Көкшетаудың «Арлан» клубынан жеңіліп, күміс медаль еншілеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или