Қазақстандық спортшы Италиядағы халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық мерген Максим Почивалов стенд атудан Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан GREEN CUP халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.
Отандасымыз «скит» жаттығуында сәтті өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алды.
Одан бөлек, Қазақстан құрамасы «трап» жаттығуында, командалық сайыста және жекелей сында бақ сынайды.
Айта кетейік, аталмыш жарысқа 33 елден 400-ден аса спортшы қатысып жатыр. Ал Қазақстан атынан 36 мерген өнер көрсетуде.
Турнир 21 шілдеге дейін жалғасады.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или