«Ақтөбе» ойыншысы мансабын Магомед Адиевтің командасында жалғастырады

«Ақтөбе» ойыншысы мансабын Магомед Адиевтің командасында жалғастырады

«Ақтөбенің» 30 жастағы камерундық қорғаушысы Габи Кики мансабын Самараның «Крылья Советов» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты  «Инсайды от Карпа» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшы сәрсенбі күні Самараға медициналық тексерістен өту үшін ұшады, содан кейін ол Магомед Адиевтің клубымен 2027 жылдың жазына дейін келісімге отырады. Кикидің жалақысы айына шамамен 2 миллион рубль.

Орталық қорғаушы «Ақтөбеден» еркін агент ретінде кеттң. Айта кетейік, футболшы мен қазақстандық клуб арасында бұған дейін келісім жасалған: келісімшарттың аяқталуына алты ай қалғанда ол командадан тегін кете алады.

 «Қайсар» командасы «Тараздың» бұрынғы ойыншысын қатарына қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или