«Реал» футболшысы әлемдік рекорд орнатты

«Реал» футболшысы әлемдік рекорд орнатты

Marca газеті өткен маусымда алаңда ең көп уақыт өткізген футболшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реалдың» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде 6000 минуттық межеден өтіп, әлемдік рекорд орнатқаны белгілі болды.

«Реал» мен Уругвай құрамасы үшін 72 матчта Федерико алаңда 6116 минут өткізді. Екінші орында «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Бруно Фернандеш – 5 796 минут, ал үшінші орында «Милан» мен Франция құрамасының қақпашысы Майк Меньян (5 624) тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или