Жібек Құламбаева Германиядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы жекелей сында да іріктеуден өте алмады.
Британиялық Майя Ламсденмен бірге Құламбаева аустриялық Юлия Грабер мен Зина Краус жұбынан 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу сазды кортта жұптық сынның бірінші кезеңінде өтті.
Құламбаева WTA жекелей рейтингінде 285-орында, ал жұптық сында 216-орында тұр. 2024 жылы ол жұптық сында екі және жекелейде бір ITF титулын жеңіп алды.
Қазақстандық теннисші Швециядағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или