«Хумоның» экс-форварды «Адмиралмен» келісімшарт жасасты

Шабуылшы Владислав Дюкарев «Адмиралмен» бір жылдық келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Магнитогорск хоккейінің түлегі өткен маусымаралық кезеңде «Адмирал» сапында қаралымнан өткен болатын, алайда толыққанды келісімшартқа қол жеткізбей, Қазақстан чемпионатында «Хумо» командасында өнер көрсетті.
Тұрақты чемпионаттың басым бөлігін Владислав Дюкарев жарақатына байланысты өткізіп алды. Хоккейші тек екі матчқа қатысып, 3 (1+2) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде ол 12 ойын өткізіп, 6 (3+3) ұпай еншіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или