Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталатын жекпе-жек белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталатын жекпе-жек белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы іріктеу жекпе-жегін өткізу үшін ұлыбританиялық Дензел Бентли (21-3-1, 17 KO) мен венесуэлалық Эндри Сааведра (17-1-1, 14 KO) арасында келіссөз бастауды бұйырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Badlefthook.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер болады. Қазіргі уақытта бұл титул қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) тиесілі. Бұған дейін WBO президенті Густаво Оливьери Бентли мен Сааведра арасындағы жекпе-жек тағайындалатынын хабарлаған еді.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Бентли 2022 жылы қарашада жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или