Кім жеңеді? «Қайрат» пен «Олимпия» матчына болжам жасалды

Кім жеңеді? «Қайрат» пен «Олимпия» матчына болжам жасалды

Ресейлік Liveresult.ru порталы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен словениялық «Олимпия» арасындағы қарымта матчқа болжамын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл кездесуде айқын фаворитті атау қиын. «Олимпияның» құрамы мықты әрі тәжірибелі, алайда «Қайрат» өз алаңында ойнап, жанкүйерлердің қолдауына ие болады және бабында. Осы артықшылықтардың арқасында «Қайрат» жеңіске жете алады деп ойлаймыз», — деп жазады басылым.

Еске салайық, алғашқы матч 8 шілдеде Словенияның Любляна қаласында өтіп, 1:1 есебімен аяқталған. Қарымта кездесу 15 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или