Швейцарияда Қазақстанның бірінші және екінші ракеткасы жолығуы мүмкін

Швейцарияның Гштад қаласында ATP 250 санатындағы Swiss Open Gstaad турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирге Қазақстан теннисшілері Александр Бублик (ATP рейтингінде #34) пен Александр Шевченко (ATP рейтингінде #101) қатысады.
Бірінші айналымда Шевченко турнир иесі, Үлкен дулыға турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы, ATP турнирлерінің 19 мәрте чемпионы, Дэвис кубогының иегері және Олимпиада чемпионы Станислас Вавринкамен (ATP рейтингінде #156) кездеседі. Бұл матч ертең өтеді.
Бублик турнирді екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы — Шевченко мен Вавринка арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.
Swiss Open Gstaad турнирі 14–20 шілде аралығында өтеді. Жүлде қоры — 596 035 еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или