ҚР туризм және спорт министрі Халықаралық дзюдо федерациясының стратегиялық басқару құрамына енді

Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан Спортшылар одағының мәліметінше, Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) директорларының үйлестіру комитетіне директор болып тағайындалды.
IJF 1951 жылдың шілде айында құрылған. Алғашында федерация құрамына Еуропа елдері мен Аргентинаның ұлттық дзюдо федерациясы кірді. Келесі он жыл ішінде Халықаралық дзюдо федерациясына төрт құрлықтың ұлттық ұйымдары мүше болды.
IJF-тің штаб-пәтері Венгрияның Будапешт қаласында орналасқан.
IJF дзюдо жарыстарының ережелерін бекітеді, сондай-ақ құрлықтық және әлем чемпионаттарын өткізеді. Халықаралық дзюдо федерациясы, сонымен қатар, Кодокан тағайындайтын дәрежелерден бөлек, өз атақтарын береді.
Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры болып тағайындалды
Еуропа кубогында Қазақстан дзюдошылары төрт қола медаль еншіледі