«Барыс» хоккей клубында бапкер ауысуы мүмкін

«Барыс» хоккей клубында бапкер ауысуы мүмкін

2024 жылдың қазан айынан бері астаналық «Барыс» клубының тізгінін ұстаған Ғалым Мамбетәлиевтің болашағы белгісіз күйде қалып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Головой Об Лед» жобасының хабарлауынша, клуб басшылығы маманмен қош айтысу мүмкіндігін қарастырып, келісімшартты бұзу шарттарын талқылап жатыр.

Дереккөз мәліметінше, келіссөздер әлі де нәтижесіз күйде қалып отыр. Екі тарап өтемақы сомасы бойынша ортақ мәмілеге келе алмауда.

Бұған дейін ҚХЛ-ның президенті Алексей Морозов «Барыс» клубындағы қазіргі ахуалға тоқталып өткен еді:

«Қаржылық кепілдіктер бар. 16 шілдеде клуб басшыларымен кездесеміз. Олар осында келіп, барлық мәселені егжей-тегжейлі талқылаймыз. Осы кездесуден кейін ғана нақты ақпарат бере аламын. Барлығы қалпына келеді деп үміттенеміз. Біздегі ақпарат бойынша, клубқа басқа елден жаттықтырушылар шақырғысы келетін демеуші бар», – деді Морозов «Чемпионат» порталына берген сұхбатында.

Мамбетәлиев командаға қиын кезеңде келгенімен, клубты дағдарыстан шығара алмады. Оның жетекшілігімен «Барыс» ҚХЛ тарихындағы ең сәтсіз маусымын өткізіп, турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или