Қазақстандық бірнеше клуб жекешелендіруге беріледі

Қазақстандық бірнеше клуб жекешелендіруге беріледі

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров еліміздегі бірқатар футбол клубтарын жекешелендіруге беру жоспары туралы айтты,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ол Qazsport телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Омаровтың айтуынша, «Астана», «Ақтөбе» және «Атырау» клубтары жекешелендіруге берілетін командалар тізіміне енген.

«Бүгінде көптеген клубтар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. Бас прокуратура мен бақылаушы органдар тексеріс жүргізді. Қаражаттың көп бөлігі шетелдік ойыншылар мен мамандарға жұмсалғанымен, клубтардың өз стадионы, академиясы немесе инфрақұрылымы жоқ. Бұл – дұрыс емес», – деді ол.

Федерация басшысы жекеменшік клубтар жаңа мүмкіндіктерге ие болатынын атап өтті: инвесторлар тарту, демеушілерді көбейту, активтер құру – осының бәрі клубтың дамуына серпін береді.

«Футбол – бұл бизнес. Әлемдегі ең табысты командалар – жеке меншік клубтар. Қазақстан да осы жолмен жүреді», – деді Омаров.

Айта кетейік, 2025 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік және квазимемлекеттік қаржы есебінен шетелдік спортшылар мен жаттықтырушыларды қаржыландыруға тыйым салынған.

Сондай-ақ, 14 шілде күні Омаров ФИФА қаржыландыруының арқасында елімізде 100 мини-футбол алаңысалынатынын мәлімдеді. Бұл жобалар мектептер мен ауылдық елді мекендерге бағытталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или