Астанада «Болашақ Ойындары»-2026 өтеді

Астанада «Болашақ Ойындары»-2026 өтеді

Астана 2026 жылы 18 шілде мен 1 тамыз аралығында өтетін халықаралық «Болашақ Ойындарының» үшінші маусымын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл туралы Қазақстанның туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.

Турнир аясында физикалық белсенділік пен цифрлық технологияларды біріктіретін 13 бағытта жарыстар өтеді. Қатысушылар фиджитал-футбол мен баскетбол, виртуалды веложарыс пен автогонка, киберспорттық атыс ойындары мен дронмен жарысу сияқты ерекше форматтағы сындарда бақ сынайды.

Жарыстар Астананың жетекші спорт және мәдениет нысандарында ұйымдастырылады:

  • «Қазақстан» спорт кешені
  • «Барыс Арена»
  • «Сарыарқа» велотрегі
  • «Жекпе-жек» сарайы (Ж. Үшкемпіров атында)
  • «Алау» мұз сарайы
  • «Beeline Arena», конгресс-орталық және инклюзивті спорт орталығы

Айта кетейік, бұған дейін бұл ойындар 2024 жылы Қазанда, 2025 жылы Дубайда өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или