Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстанда өткен турнирде үздік нәтиже көрсетті

Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстанда өткен турнирде үздік нәтиже көрсетті

Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында теннистен ITF Juniors J30 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бозбалалар арасында қазақстандық Даниель Юрекли финалда америкалық Аруша Котені 6:2, 1:6, 6:3 есебімен ұтты.

Бұл — Даниельдің ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулы.

Сондай-ақ Родион Лукашов пен Тимур Сауленко жұптық сында үздік шықты. Қазақстандықтар соңғы бәсекеде жергілікті теннисшілер Давид Могилевский — Никита Клетцовты қапы қалдырды — 4:6, 6:3, 10:4.

Қыздар арасында шымкенттік Сабина Шухратова финалда ғана қырғызстандық Сабина Хаибрахмановаға есе жіберді — 2:6, 1:6. Ал жұптық сында қазақстандықтар Сафина Сафиуллина — Яна Штода тартысты матчта ресейліктер Софья Бахарева — Софья Шарипованы жеңді — 6:7 (1:7), 7:6 (7:5), 10:4.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или