Қазақстандық футзалшы Тайнан Еуропадан елге оралады

Қазақстандық футзалшы Тайнан Еуропадан елге оралады

Қазақстан футзал құрамасының 32 жастағы шабуылшысы Тайнан Лиссабонның атақты «Спортинг» клубынан Қазақстан чемпионатына ауысуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тайнан бұған дейін қазақстандық АФК «Қайратта», испаниялық «Эль-Посо», сондай-ақ БАӘ мен Иранда ойнаған.

Соңғы жылдары ол Португалияның «Спортинг» клубында өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Өткен маусымда 16 гол соғып, Португалия чемпионатының ең үздік үш сұрмергенінің қатарына енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или