Тимофей Скатов Швециядағы жарыстың іріктеуінде жеңіске жетті

Тимофей Скатов Швециядағы жарыстың іріктеуінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бастада (Швеция) өтіп жатқан ATP 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінде Үндістан өкілі Сумит Нагалмен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық 8 брейк-пойнттың 4-ін орындап, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 26 минутқа созылды.

Осылайша, Тимофей Скатов турнирдің негізгі кезеңіне шықты, келесі айналымда италиялық Андреа Пеллегриномен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или